Елімізде

Көлік жүргізуді үйрететін орталықтар Ішкі істер министрлігінің бақылауына өтеді

Қазақстанда автокөлік жүргізушілерін даярлайтын мектептерді енді тек Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен ғана ашуға болады.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрдің айтуынша, 2018 жылдан бері автокөлік мектептеріне мемлекеттік бақылау жүргізілмей келген.

Сондай-ақ ол Ішкі істер министрлігі авто-мектеп ашуға рұқсат беру тәртібін енгізуді көздеп отырғанын айтты. Мұндай рұқсатты министрлік өзі бермек.

Ержан Сәденовтің айтуынша, еліміздегі жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – көлік жүргізу мәдениетінің төмендігі мен жүргізушілерді даярлау сапасының нашарлығы.