Елімізде

«Көп сөйлемей, баршы!». Қайрат Нұртас фанатына неге ашуланды

Әлеуметтік желіде әншінің тағы концертіндегі оқиға дау тудырды

Қайрат Нұртас өзінен бір ән сұраған көрерменге «көп сөйлемей, баршы» деп, фанаттарының сынына қалды, деп жазады jambylinfo.kz.

Бейнежазбада көрініп тұрғандай, көрермендердің бірі Қайрат Нұртастан өзіне ұнайтын ән айтып беруін сұраса керек. Оған жауап берген Нұртас егер ол әннің әуенін тауып берсе, шырқап беремін деп уәде еткен. Алайда, фанатынан «тезірек құтылғысы» келсе керек, сөзінің соңында оған «көп сөйлемеші» деп дөрекілік танытқан.

Желідегі бұл видео шамамен жарты миллионға жуық қаралым жинаған. Фанаттарының бірі Қайрат Нұртастың дөрекі екенін айтса, екіншілері ақкөңіл екенін, көрерменнің сұраған әнін айтуға келісіп тұрғанын атап өткен.