Елімізде

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді

Жаңа жылдан бастап бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері де ұлғайды

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік төлемдер көлемі артты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа жылдан бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері де ұлғайды. Атап айтқанда, алғашқы үш балаға берілетін төлем бұрынғы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін көбейді. Ал төртінші және одан кейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге жетті.

Сонымен қатар бала санына қарай көпбалалы отбасыларға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар да өсті. Мысалы, төрт баласы бар отбасылар енді 69 330 теңге алады (бұрын 63 030 теңге), ал он баласы бар отбасылар үшін төлем 173 000 теңгеге дейін артты.

2026 жылы бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері мынадай:

бірінші, екінші және үшінші балаға — 164 350 теңге (38 АЕК);

төртінші және одан көп балаға — 272 475 теңге (63 АЕК).

Бала бір жарым жасқа толғанға дейін төленетін ай сайынғы күтім жәрдемақысы:

бірінші балаға — 24 912 теңге (5,76 АЕК);

екінші балаға — 29 453 теңге (6,81 АЕК);

үшінші балаға — 33 951 теңге (7,85 АЕК);

төртінші және одан кейінгі балаларға — 38 493 теңге (8,90 АЕК).

Көпбалалы отбасыларға арналған ай сайынғы мемлекеттік төлемдер де жаңартылды:

4 балаға — 69 330 теңге (16,03 АЕК);

5 балаға — 86 673 теңге (20,04 АЕК);

6 балаға — 104 016 теңге (24,05 АЕК);

7 балаға — 121 360 теңге (28,06 АЕК);

8 және одан да көп балаға — әр бала үшін 17 300 теңге (4 АЕК).