Елімізде

Келер жылдан бастап «ІnDriver» көліктеріне талаптар қатаңдатылады

Өйткені, елімізде осы таксилер есебінен жол апаты көбейген

Келер жылдан бастап «ІnDriver» көліктеріне талаптар қатаңдатылады, деп жазады Jambylinfo.kz

ҚазАқпарат жазуынша, Биылғы жылдың мамыр айында ҚР Көлік және Ішкі істер министліктерімен және «ІnDriver», «Яндекс» такси қосымшаларының басшылығы арасында өзара Меморандум жасалған болатын.

Осы меморандумға сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ІnDriver» такси қосымшасына басқа мемлекетте тіркелген, басқару құрылғылары оң жақта орналасқан және ҚР Заңнамасын жиі бұзатын автокөліктерге тіркелуге шектеу қойылады.