Елімізде

Үкіметте шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайту шаралары қаралды

Министрліктерге нақты тапсырмалар берілді

 Премьер-министр Олжас Бектенов агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды, оның ішінде астық тасымалдауды қаржыландыру мен қаржы ресурстарының қолжетімділігін кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

 

Премьер-министр қаржы ресурстарының қолжетімділігін кеңейту тұрғысында  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға  инвестициялық мақсаттар мен айналым қаражатын сатып алу үшін  агроөнеркәсіп кешен субъектілерін қаржыландыруға  мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, екі апта ішінде Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды.