«Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға»: Кінәлілер 8 жылға дейін сотталуы мүмкін

Бұл туралы прокуратура мәлімдеді
Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты сотқа 106 томдық іс жіберілген. Кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қарағанды облысының прокуратурасы Костенко шахтасында кеншілердің қаза табуына қатысты 106 томдық қылмыстық істі сотқа жіберді.
Сотқа дейінгі тергеуді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ішкі істер министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржылық мониторинг агенттігі және Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізді.
Іс бойынша 74 адам жәбірленуші ретінде танылды.
Материалдар негізі бойынша қарау үшін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық сотына жіберілді.