Елімізде

Курорттық аймақтарда 3 әуежай салынып, Алакөлге қосымша пойыздар қосылады

Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады.

Үкімет отырысында туристік дестинациялардың көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың тез жету мүмкіндігін арттыру жөніндегі шаралар туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады.

Әуе қатынасы: биыл Катонқарағай, Зайсан және Кендерлі курорттық аймақтарындағы әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Венаға, Римге және Шанхайға рейстерді қосқанда 15 жаңа халықаралық маршрут ашылады.

Теміржол тасымалы: парк 191 жаңа вагонмен толықтырылады. Жазғы кезеңде 13 қосымша маршрут іске қосылады, бұл 400 мың қосымша орынды қамтамасыз етеді.

Автожолдар: Жаңаөзен – Кендірлі және Өскемен – Катонқарағай бағыттарын қоса алғанда, негізгі көрікті жерлерге апаратын 5 мың шақырым жол жөнделуде.