"Өлгендерге" жалақы төлеп 6,8 млн. тенгені жымқырған мектеп директоры ұсталды
Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлады jambylinfo.kz.
Тұран ауданының прокуратурасы хабарлағандай, тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықталған.
Қазір аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.