Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен 1200 адам өтемақы алды
Бұл туралы жергілікті әкімдік хабарлап отыр
Атырау облысында тасқыннан зардап шеккен 1200-ден астам құлсарылық баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Әкімдіктің дерегінше, 758 тұрғынға баспана сатып алуға және 451 азаматқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қаражат берілген.
Еске салайық, бұған дейін таратылған ресми ақпарат бойынша, жылжымайтын мүлікті бағалау комиссиясына барлығы 2 727 өтініш түсіп, 1000-ға жуық үй апатты деп танылған.