Құлсарыда сыныптастарын балтамен қуалаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атырау облысының Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы құрдастарымен болған жанжалдан кейін оларға балтамен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 5 ақпан күні болған. Салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған. Болған жағдайдан кейін жасөспірім оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай қолға түсті.
Сондай-ақ мектеп оқушысының ата-анасына баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.