Елімізде

«Өлтіреміз дейді». Белгісіз біреулер Бишімбаев ісіндегі маңызды куәгерді қорқытқан

Бүгін сот отырысын Қуандық Бишімбаев телефон соққан балгер куәгер ретінде жауап беріп жатыр

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында 2023 жылы 9 қараша күні күдіктімен сөйлескен балгер жауап беріп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, соңғы үш күнде оған белгісіз біреулер телефон соғып, оны қорқытқан. Сондықтан, ол бүгін өзі сұралған кезде сот отырысын жабық өткізуді сұраған. Алайда, судья Айжан Құлбаева бұл талап арызды қанағаттандырмай, куәгерден тікелей эфирде жауап алып жатыр. Бірақ, куәгердің жеке қауіпсіздігі үшін оның бейнесі көрсетілмейді, аты-жөні айтылмайды.

Оның айтуынша, 9 қараша күні Бишімбаев оған қайта-қайта телефон шалып, Салтанат Нүкеновамен төбелесіп қалдық деген.