Елімізде

Ұлттық ұлан офицері туған інісінен Әскери ант қабылдады

Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлімдеді

Құқықтық тәртіп әскерінің қатарында сирек кездесетін, жүрекке жылу сыйлайтын ерекше жағдай Атырау қаласында орын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде қызмет атқаратын аға лейтенант Құдияр Сапарбек туған інісі – жас сарбаз Мағжан Сапарбектен Әскери ант қабылдады.

Аға лейтенант Сапарбек қазіргі уақытта Ұлттық ұланның Атырау қаласында орналасқан 5546 әскери бөлімінде рота командирі лауазымында абыроймен қызмет атқарып келеді. Ал інісі Мағжан Сапарбек аталған бөлімге жас сарбаз ретінде қабылданып, әскери қызмет жолын енді ғана бастады. Қос бауыр – Шымкент қаласының тумалары.

Жас сарбаз Мағжан Сапарбек үшін бұл күн өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі болды.

Әскери бөлім басшылығы да бұл оқиғаның тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды. Мұндай тағдыр тоғысы жастарға отансүйгіштік, әскери дәстүрге адалдық және отбасы құндылықтарының маңызын айқын көрсетті.