«Ұлттық қор - балаларға»: Қазақстандықтарға 8 миллион доллар төленді

Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі мәлімдеді
«БЖЗҚ» АҚ «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасының қатысушыларына 8 млн аса АҚШ долларын аударды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды:
одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (4,53 млн аса АҚШ долларына 42 622 өтініш орындалды),
тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу — 37,44 мыңнан аса АҚШ долларына 362 өтініш,
азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) — 32,81 мыңнан аса АҚШ долларына 325 өтініш.
Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар:
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (2,88 млн аса АҚШ долларына 27 020 өтініш орындалды),
білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (354,24 мыңнан аса АҚШ долларына 3 421 өтініш орындалды),
шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (99,78 мыңнан аса АҚШ долларына 971 өтініш орындалды).