Елімізде

«Мәнді мемуар». Дариға Назарбаеваның халық үшін еткен «ерен еңбегі» туралы кітап сатылып жатқаны рас па

Бұған дейін кітап «Меломан» кітап дүкенінде сатылымға шыққаны айтылды

Бұрынғы президенттің қызы Дариға Назарбаеваның халыққа сіңірген еңбегі туралы кітабы сатылымға шыққаны туралы ақпаратты «Меломан» кітап дүкені жоққа шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Жақында әлеуметтік желіде "Менің халық алдындағы еңбегім" атты Дариға Назарбаеваның тырнақалды туындысының тұсаукесері туралы жаңалық шартарапқа жайылды. Мәліметтерге сүйенсек, онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы өмірі мен қызметі туралы естеліктер жинақтаған екен. 
 Деректерге сәйкес, аталған кітап «Меломан» кітап дүкендері желісінде сатылымға шыққан. Бірақ кітап дүкені бұл ақпаратты жоққа шығарды.