Маңғыстауда денсаулық сақтау саласындағы миллиондаған бюджет қаражатын жымқыру схемасы анықталды
Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді
Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жалған медициналық қызметтер көрсету, денсаулық сақтау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеу жағдайлары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, ұйымдардың бірін тексеру барысында 600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру анықталды.
Алушылардың банктік деректемелерін ауыстыру арқылы қаражаттар заңсыз алынып, аффилирленген шоттарға аударылған.
Сондай-ақ көрсетілмеген қызметтер, жеткізілмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар үшін ақы төлеу фактілері анықталды.
Аталған мән-жайлар бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оларды арнайы прокурорлар жүргізуде.