Елімізде

Маңғыстауда колледж директоры қызметкердің сыйақысын қалтаға басқан

Ол 29,5 млн теңгені заңсыз жымқырған

Прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде гуманитарлық колледждің директоры қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін өзі жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Құзырлы органның мәліметіне сүйенсек, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырық шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген.