"Мал далаға кетті".Ақтөбеде екпінді дауыл салдарынан 35 үй шатырсыз қалған
Оқиға туралы ауыл тұрғындары айтты
Ақтөбе облысындағы ауылда дауыл салдарынан 35 үй шатырсыз қалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мой город" басылымының жазуынша, 9 тамызда сағат 21:30 шамасында Ойыл ауданы Көсембай ауылында қатты жел соққан. Дауылдың күшті болғаны соншалық, электр бағандарын, қоршауларды құлатып, үйлер мен қосалқы құрылыстардың шатырларын жұлып әкеткен.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, дауыл салдарынан Қайыңды ауылдық округіне қарасты Көсембай ауылында 51 ғимараттың, оның ішінде 35 үйдің шатыры зақымданған. Ауылда барлығы 74 үй, 380 тұрғын бар. Ауыл тұрғындары өртсөндірушілермен бірге құлаған ағаштар мен жұлынған шатырларды алып жатыр.
Ауылда тоғыз бағана құлады, оның жетеуі қалпына келтірілді, учаскеде 15 жұмысшы 5 арнайы техникамен жұмыс істеп жатыр. Барлық тірек қалпына келтірілгеннен кейін ауылға электр жарығы беріледі. Келтірілген шығын әлі бағаланған жоқ.
Көсембай Үйіл аудан орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан.
Айта кетейк, Ақтөбе облысында қатты желден кейін ауыл тұрғындарының тең жартысының үйлері шатырсыз қалғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.