Елімізде

Марқұм Нүкенованың әке-шешесі соттан кейін ауруханаға түскен

Бишімбаевтің атышулы соты тікелей эфирде жүріп жатқанына 1 аптадан асты

Сот барысында Нүкенованың әке-шешесі туған қызын Бишімбаевтің аяусыз соққыға жыққан фото-видеолардан алғаш рет көріп, екеуінің де денсаулығы күрт нашарлаған. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Еске салайық, 2 сәуірдегі  сот отырысында 8-ші қарашадан 9-шы қарашаға қараған түні азаматтық некедегі Бишімбаев пен Нүкенованың арасында болған жанжал "Бау" мейрамханасының жасырын камерасына түсірілген фрагменттер көрсетілген болатын.