Мемлекет қаржысын қатаң үнемдеу режимі енгізіледі – Тоқаев
Елдегі су тасқынына байланысты бюджеттің шығындары қысқартылады
Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқарып, мемлекет қаржысын қатаң үнемдеу режимі енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚХА кезекті сессиясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Президенттің айтуынша, су тасқынына байланысты жиналған қаражат елді мекендерді қалпына келтіруге жұмсалады.