Мемлекет басшысы қолөнер жәрмеңкесін аралады

Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл көрмеге отандық қолөнершілермен қатар Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Иран, Тәжікстан елдерінен шеберлер шақырылған.
Президентке ұлттық ойындар, қазақстандық дизайнерлер мен танымал брендтердің ұлттық киім үлгілері таныстырылды.