Елімізде

Meta қазақстандық программисттерге жасанды интеллектіні меңгеруге көмектеседі

The final spritzer

Қазақстанда жасанды интеллектке негізделген шешімдерді дамытуға және енгізуге бағытталған Meta LLaMA Accelerator Kazakhstan бағдарламасы іске қосылады.

Астанада өтіп жатқан форум аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Meta компаниясы және Blockchain and AI Technology Center зерттеу институты жасанды интеллект саласын дамыту және оны мемлекеттік сектор мен бизнестегі өзекті мәселелерді шешуге енгізу мақсатында бірлескен акселерациялық бағдарламаны іске қосады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бағдарламаға қазақстандықтар байқау негізінде қатыса алады. Қатысқысы келетіндер өтінім тапсырып, тегін оқуға мүмкіндік алады.

Бағдарламаның нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз. Алайда министрдің айтуынша, үздік қатысушылар 2–4 қазан аралығында өтетін Digital Bridge форумында анықталады.