Министрлік: 9 айда 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин хабарлады.
Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9%-ға артты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарының өсімі еліміздің 17 өңірінде тіркелген. Ең жоғары қарқын Астана (41,8%), Алматы (37,7%) қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (27,3%), Ақмола (26,4%) және Түркістан (25,5%) облыстарында байқалған.
Министрліктің дерегінше, тұрғын үй құрылысы бойынша ең жоғары өсім Ұлытау (24,6%) және Жетісу (9%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (16%) мен Түркістан (8,4%) облыстарында және Алматы қаласында (18,2%) тіркелген.