Елімізде

Министрлік: Қазақстанда шенеуніктерге ChatGPT қолдануға тыйым салынбаған, бірақ ұсыныстар бар

The final spritzer

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік органдарға жасанды интеллект негізіндегі шетелдік сервистерді, соның ішінде ChatGPT-ті қолдануға ешқандай тыйым салынбағанын мәлімдеді.

Бұл түсініктеме интернетте тараған ақпаратқа жауап ретінде берілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрлік шектеу жоқ екенін растады, алайда мемлекеттік қызметшілерге мұндай технологияларды қолдануға қатысты бірқатар ұсыныстар берілгенін атап өтті.

Құжатта мемлекеттік қызметшілерге құпия ақпаратпен, қызметтік деректермен және азаматтардың жеке мәліметтерімен жұмыс істеу барысында туындайтын қауіптер туралы ескерту жасалған.