Елімізде

Нүкеновтар отбасының адвокаты Игорь Вранчев кезінде Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжановты қорғаған

Ерлан Ғазымжанов бір рет адвокаттық лицензиясынан айырылғаны белгілі болды

Игорь Вранчев Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың тұсында еліміздің адвокатура институты құрдымға кеткенін айта келе, адвокат Аманжол Мұхамедияров пен Ерлан Ғазымжановтың лицензияларынан айырылуына судьяның біліксіздігі себеп болғанын айтады.. Бұл туралы ол «Одноко» подкастында айтты, деп жазады jambylinfo.kz.

Вранчевтың айтуынша, Аманжол Мұхамедияровтың адвокаттық лицензиясын қайтарып беруге мүмкіндік болған. Ал Ғазымжановты бір емес, бірнеше адвокат қорғағанына қарамастан, оның адвокаттық лицензиясын кері қайтару мүмкін болмаған.