Наталья Годунова "Қазақстан Темір Жолы" компаниясынан жоғары лауазымға ие болды
Бұған дейін ол Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болған
Наталья Годунова "Қазақстан Темір жолы" Ұлттық компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды, деп хабарлайды jambylinfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Жалғыз акционерінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып Наталья Николаевна Годунова сайланды", - деп хабарланған ақпаратта.
Наталья Годунова әр жылдары үкіметте, жергілікті атқарушы органдар мен орталық сайлау комиссиясында жұмыс істеген.