"Құны 1 миллион теңге". Алматыда бұрынғы құтқарушы жер сілкінісі кезінде тығылатын темір жәшік жасап шығарды
Алматылық шебер Алексей Старков жер сілкінісі кезінде адамдарды аман алып қалатын темір жәшік жасап шығарған. Jambylinfo.kz тілшісіне берген сұхбатында Алексей Старков бұл туындысын осыдан 20 жыл бұрын ойлап тапқанын айтты.
Шебердің сөзінше, соңғы уақытта Алматыда қайтадан жер дүмпуі жиілеген соң адамдардан «темір жәшікке» сұраныс артқан. Бірақ ол темірден жасалған соң құны арзан емес. Нақтырақ айтқанда бағасы 1 миллион тенге тұрады. Сондықтан оған екінің бірінің қалтасы көтере бермейді дейді өнертапқыш.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Алматыда қатты жер сілкінісі болып, кейбір ғимараттардың қабырғалары шытынаған.