Елімізде

Оқуда қарызы бар грант иегерлері басқа ЖОО-ға ауыса алмайды

Жоба Үкімет қаулысына сәйкес әзірленген

Қазақстандық білім грантымен оқып жүрген студенттерде академиялық қарыз болса, олар басқа университетке ауыса алмайды. Бұл жөніндегі бұйрық жобасын Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ашық НҚА» порталында жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрлік сонымен бірге құжаттың бірнеше бабына жасанды интеллектке қатысты талаптарды енгізуді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, тек оқу үлгерімін ғана емес, студенттің әлеуметтік, ғылыми, волонтёрлік, спорттық және мәдени өмірге белсенді қатысуын ескеретін әділ бағалау жүйесін енгізу ұсынылған. Яғни министрлік әлеуметтік орташа балды енгізуі мүмкін.

Жобаны қоғамдық талқылау 29 қыркүйекке дейін жалғасады.