Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?
Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға жалғасты. Ал алдағы төртінші тоқсан шамамен 8 аптаға жоспарланған.
Еліміздегі мектептерде үшінші тоқсан аяқталуға таяп қалды. Ресми оқу кестесіне сай, 2026 жылғы көктемгі каникул 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғанда тәмамдалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Барлығы 11 күнге созылатын демалыс Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келеді.
Оқушылар үшін сабақтың соңғы күні – 18 наурыз. Ал 30 наурыздан бастап олар қайтадан мектепке оралып, оқу жылының шешуші кезеңі саналатын төртінші тоқсанды бастайды.
Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға жалғасты. Ал алдағы төртінші тоқсан шамамен 8 аптаға жоспарланған. Бекітілген күнтізбеге сәйкес, 2026 жылдың 25 мамырында оқу жылы қорытындыланып, соңғы қоңырау соғылады. Одан кейін оқушыларды ұзақ әрі асыға күткен жазғы демалыс күтіп тұр.