Елімізде

«Обаның ақшасы»: Алматы ветеринарлық қызметінің директоры сотталды

Ол қоластындағы қызметкермен оба ауруының алдын алуға бөлінген қаражатты жымқырған

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК директоры және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Деректерге сүйенсек, сыбайластар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді нақты жеткізбестен, ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі болып отыр.