Елімізде

"Қолын іш киімне салған". Алматыда 10 жасар баланы зорламақ болған ер адам ұсталды

Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 20 сәуір, кешкі сағат 20:00 шамасында Наурызбай ауданында болған.

Жапа шеккен баланың анасының айтуынша, 10 жасар ұлы аулада достарымен отырған. Жандарына бір кісі келіп сөзге тарта бастаған. Бейтаныс адам қоқыс шығарысып жіберуге шақырыпты.

Мұның барлығы тұрғын үй кешенінің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.