Елімізде

Қор нарығында доллар бағамы қымбаттап келеді

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,00 теңгеден сатып алынады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,14 теңгеге өсіп, 462,91 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 461,55 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 458,84 теңгеден сатып алынады, 465,84 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 536,85 теңге, сату — 546,85 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,89 теңге, сату — 6,20 теңге.
— юань: сатып алу — 67,18 теңге, сату — 73,02 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,00 теңгеден сатып алынады, 463,34 теңгеден сатылады. Еуро 541,00 — 546,23 теңге, ал рубль 5,96 — 6,09 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,30 теңгеден сатып алынады, 70,21 теңгеден сатылады.