Оралда өз үйінен бастауыш сынып мұғалімінің мәйіті табылды
Алдын ала болжам бойынша оны біреу өлтіріп кеткен
Орал қаласында өз пәтерінен бастауыш сынып мұғалімі болған Надежда Никитинаның мәйіті табылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлағандай, қазір «Адам өлтіру» фактісі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Марқұм жұмыс істеген мектептің ұжымы әлеуметтік желіде пост жазып, Надежда Никитина осы мектеп ашылғаннан бері 35 жыл бойы жұмыс істегенін хабарлады.