Қостанайда қырық градус аязда 58 жолаушы жолда қалған
Жолаушылар Өзбекстаннан Ресейге бара жатқан
Республикалық маңыз бар "Екатеринбург-Алматы" күре жолында қақаған аязда жолда қалған автобус жолаушыларын "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескерместен жолға шыққан автобустың жанармайы қатып, аккумуляторы отырып қалған.
«Өзбекстаннан Ресейге бағыт алып, жолда тоқтап қалған автобустың ішінде 58 азамат болған. Жолшылар тез арада автобусқа жаңа аккумулятор жеткізіп, жылытып, оларға сапарларын жалғастыруға көмектесті»- деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі.