“Отбасы банк” арқылы баспаналы болу тағы да қиындайды
"Отбасы банк" ипотека шарттарын өзгертті
Елімізде жаңа пәтер алу енді тіпті қиындай түсуі мүмкін. Банк ипотека шарттарына екі өзгеріс енгізген, деп хабарлайды jambylinfo.kz "Ұлысмедиа" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Бірінші өзгеріс - алғашқы нарықтан пәтер рәсімдеу бағдарламасына қатысты болса, екінші өзгеріс - жеке кәсіпкерлерге қатысты болып отыр.
Бірінші мәселе 30/70 бағдарламасы туралы болып отыр. 30% бұл азаматтардың қолында болуы тиіс пәтер құнының алғашқы жарнасы. Енді аталған бағдарла арқылы үйлі болуды қалайтын азаматтардың минималды бағалау көрсеткіші (ОП) 7-ден артық болуы шарт. Мысалы, 20 миллион теңгенің үйі болса 140.000 теңге, 30 миллион теңгенің үйі болса 210.000 теңге және сол сияқты.
Демек қолыңызда 30% бастапқы жарнаңыз болса да бірден пәтер ала алмайсыз. Ол ақша депозитіңізде кемінде 1 жыл 2 ай жатуы тиіс. Ал, екінші мәселе 1 мамырдан бастап жеке кәсіпкерлерге "Отбасы Банк" арқылы баспана алуы қиындай түседі. Бұған дейін кәсіпкерлер табыс көзін растау барысында соңғы 1 жылдық декларация тапсырса, енді 1 мамырдан бастап тапсырылған есепті растайтын анықтама талап етіледі.
Ал бұл өзгеріске қатысты тәуелсіз сапаршы Ұлан Дәулетқали былай дейді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында халықты қолжетімді баспанамен қамту тапсырмасына сәйкес 1 мамырда Қазақстанда 7 және 9 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады.