Елімізде

Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы көз жұмды

Деректерге сүйенсек, оның жүрегі тоқтап қалған

Франция астанасы Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Шенеуніктің қайтыс болуының мән-жойы бойынша толық ақпарат жоқ. Әзірге анығы, оның мезгілсіз ажалына жүрегінің тоқтауы себеп болған. Басқарма ақпаратты растады.

Ерден Хайруллин 2022 жылы мамырдан бері осы қызметті атқарып келген.

2019 жылдан 2022 жылға дейін Алматыдағы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болды.