Елімізде

Павлодарда ірі есірткі арнасы жойылды: мыңнан астам доза тәркіленді

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өңірде полицейлер жүргізген іс-шаралар нәтижесінде ірі есірткі арнасы жойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрліктің дерегінше, полицейлер күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстаған. Жеке тінту барысында одан сатуға дайын шамамен 60 орама табылған.

Сонымен қатар күдіктінің пәтерін тінту кезінде полицейлер синтетикалық және психотроптық заттардың ірі партиясын анықтады. Мамандардың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – 1,2 келі мефедрон. Сондай-ақ таразы, қаптама материалдары және қылмыстық әрекетті дәлелдейтін өзге де айғақтар алынған.