Елімізде

Павлодарда өрт шыққан үйден 5 бала құтқарылды

Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді

Павлодар облысында өр шыққан үйден 6 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

- 101 пультіне Ақсу қаласы Беловка ауылында жеке үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел келген өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің шатырының ағаш құрылымдарын сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру барысында 6 адам, оның ішінде 5 бала эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген ТЖМ хабарламасында.