Премьер-министр бір апта ішінде ет экспортын арттыру үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы егін шаруашылығындағы оң нәтижелерді атап өткеніне назар аударды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына бір апта ішінде ет өндірісі мен экспортының көлемін арттыру жөніндегі нақты шаралармен бірге, мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу міндеті қойылды. Сондай-ақ шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін кеңейту тапсырылды.