Елімізде

Президент Алматы әуежайында ерлік танытқан азаматты наградтады

The final spritzer

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Президент Алматы әуежайында ерлік танытқан азаматты наградтады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар екенін жазған еді.

Айта кетейік, бүгін наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушыны полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ұстады. Қазір ол қамауға алынды.