Президент белгілі ғалымдарды марапаттады
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ ғалымды марапаттап, орден мен құрметті атақ беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осы орайда Президент ғалымдарға құттықтау жеделхатын жолдап, бұл марапат олардың ұзақ жылғы іргелі ізденістері мен табанды еңбектерінің нәтижесі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы белгілі шығыстанушылардың отбасына бақ-береке және шығармашылық табыс тіледі.