Президент бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атап айтқанда:
Мемлекет басшысы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды;
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды;
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды;
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.