Елімізде

Президент Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

 Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.