Елімізде

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысын өткізді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, Кеңестің инвестициялық климатты жақсартуға қатысты мәселелерді талқылайтын маңызды диалог алаңына айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) мәліметіне сүйене отырып, еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылғанын айтты.

 


Мемлекет басшысы еліміздің минералды-шикізат қоры мол екенін жеткізді. Сондай-ақ геологиялық барлау және пайдалы қазбаларды игеру саласындағы үдерістердің тиімділігі мен ашықтығын арттыру шаралары жөнінде мәлімет берді. Президенттің айтуынша, Қазақстан соңғы алты жылда геологиялық барлауға 1 миллиард доллардан астам жеке инвестиция тартқан.
 Қазір еліміздегі 1,6 миллион шаршы шақырымға жуық аумаққа геологиялық зерттеу жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға болады.