Елімізде

Прокуратура аспанға рұқсатсыз ұшқан кәсіпкерді жазаға тартты

Оған 55380 теңге айыппұл салынды

Прокуратура аспанға рұқсатсыз ұшқан кәсіпкерді жазаға тартып, 55380 теңге айыппұл салып, ұшу аппараты мемлекет пайдасына тәркіледі, деп жазады Jambylinfo.kz

Деректерге сүйенсек, «Достык» көлік прокуратурасы «SKYPPER 912» дельтапланы иесінің әрекетінде бұзушылықтарды анықтады, ол тиісті рұқсатсыз демалушыларға Алакөл үстінде ақылы ұшуды ұсынған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың жазында Алакөл көлінде аталған дельтапланның қатысуымен апат орын алып, соның салдарынан екі адам жарақат алған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.