Елімізде

«Әр молдадан 300 мың теңге». Бас мүфти қарапайым имамдардан ақша алғаны рас па

Мұндай шу Наурызбай қажы Тағанұлының Түркістанға сапарынан кейін шықты

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының бас имамы Бас мүфтидің облысқа сапарын қамтамасыз ету үшін жергілікті имамдардан қаржы жинағаны туралы айтылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Әлеуметтік желі қолданушысы Oraz Alimbekov өзінің Facebook-тегі парақшасында түркістандық қарапайым имамдар «қоңыз теріп» қиналып кеткенін және Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтың өңірге сапарына арнап молдалар қанша ақша жинағанын жеткізген.

Оның айтуынша, бұл қаржының бәрі Түркістанға сапарлап келген Бас мүфтидің ұшақпен ары-бері ұшуына, қымбат қонақ үйде тұрып, қымбат мейрамханадан ауқаттануына жұмсалады екен.