Республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмыстары күшейді
Қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін 63 мың тонна техникалық тұз дайындалған
Республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды, оның 23 мың шақырымы күтіп-ұстау жұмыстарымен қамтылған. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, биыл қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін 63 мың тонна техникалық тұз, 104 мың текше метр құм, 172 мың текше метр қиыршық тас қалдығы, 1,2 мың тонна химиялық реагент дайындалды.