Елімізде

Республикалық ғылыми орталықтың басшылығы жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Олар 5 млн теңге көлемінде пара алған болуы мүмкін

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Антикордың дерегінше, мекеме басшылығы медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінген.