Роман Скляр Көлік министрлігінің алқа отырысын өткізді
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Көлік министрлігінің алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының өкілдері, ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Р. Скляр алқа отырысы еліміздегі саяси трансформация және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын әзірлеу аясында өтіп жатқанын атап өтті.