Елімізде

SCAT әуе компаниясы  20 рейстің кестесін өзгертті

Өйткені, ұшақтардың бірі зақымданған

Boeing 737 ұшағының фюзеляжының зақымдануына байланысты SCAT әуе компаниясы Астанадан ұшатын 20 рейстің кестесін өзгертті, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Компанияның баспасөз қызметі жолаушыларды түсіністікпен қарауды және SMS-хабарламаларға назар аударуды немесе SCAT.kz сайтында рейс кестесін тексеруді сұрайды.

Астана әуежайы фюзеляждың зақымдалуына қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Қазақстан Көлік министрлігі жолаушылар ұшағына зақым келген жағдайға араласпайтынын мәлімдеді.