Елімізде

Серік Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда мәлім етті

Қорғаныс министрінің орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

- Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - делінген құжатта.